Қазақстан мен Израиль экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті

220

Қазақстан мен Израиль қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Израиль экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А. Қуантыров Израиль Мемлекетінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Й.Быстрицкиймен кездесті.

ЕО қараша айында Израильде өтетін Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы қарсаңында Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. 

Тараптар Климаттық саясат, биоәртүрлілікті сақтау, орман экожүйелерін қалпына келтіру, жердің тозуына қарсы күрес және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумды дайындауға және оған қол қоюға мүдделілік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу