Қазақстан мен Израиль көлік-логистика саласында инфрақұрылымды кеңейтпек

209

Екіжақты кездесу аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

Қазақстан мен Израиль көлік-логистика саласында инфрақұрылымды кеңейтпек Фото: gov.kz

Көлік министрлігінде көлік, логистика және инфрақұрылым саласындағы жетекші израильдік компаниялардың (Value LBH, Dan Capital, Dan Group, DHV MED, Lesico Ltd., Sorek Desalination Plant) басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін оңтайлы мүмкіндіктерді саралады.

Бұл ретте көлік, технология және көлік жүйелерінің инновациялары, теңіз және құрлық логистикасы және т.б. өзге салалардағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ең негізгі даму бағыттары бойынша тығыз байланысты жалғастыру және өзара іс-қимылды нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу