Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Астанаға алғашқы ресми сапары барысында Қазақстан мен Израиль бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".
Қол қойылған құжаттар арасында биометриялық ұлттық төлқұжаттары барларды визалық талаптардан босату туралы Қазақстан және Израиль үкіметтерінің ниеті туралы бірлескен декларация да бар. Құжатқа Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен қоршаған ортаны қорғау, Иерусалим істері және ұлттық мұра жөніндегі министр Зеэв Элькин қол қойды.
Сонымен қатар "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ мен Израильдің "Матимоп" өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталығы арасында индустриялдық зерттеу және әзірлемелер саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік пен Израильдің мемлекеттік қызмет комиссиясы арасында меморандумға қол қойылды.