Қазақстан мен Канада ғарыш өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға келісті

4818

Қазақстан мен Канада  ғарыш өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға келісті

2018 жылғы 11 маусым күні Оттава қаласында (Канада) екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін кеңес жүргізіп жатқан жұмыстар аясында Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің III отырысы өтті. Шараға "Cameco" корпорациясының бас атқарушы директоры Тим Гитцель мен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов теңтөрағалық етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Іскерлік кеңестің ІІІ отырысы барысында болған жұмыс топтарының кездесулерінде атом энергетикасы мен гидрогеология, ауыл шаруашылығы мен агро азық-түлік, көлік және аэроғарыш өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ саласы сияқты мәселелер талқыланды.

Іскерлік кеңес алаңында ғарыш өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы Канаданың ғарыш агенттігі мен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасындағы меморандумға қол қойылды.

Отырысқа Қазақстан мен Канаданың мемлекеттік органдарының, дипломатиялық миссия және бизнес өкілдері қатысты.

Сонымен бірге, екі ел үкіметінің өкілдері Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымында оң қарқын бар екенін, сондай-ақ Қазақстанға инвестиция салу көлемі жөнінен топ-15 елдің қатарына енетін Канаданың үлесін атап көрсетті.

Отырысты қорытындылай келе тараптар екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайту мен екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу