Қазақстан мен Қатар арасындағы әуе рейстерінің саны артады

400

Қазақстан мен Қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде.

Қазақстан мен Қатар арасындағы әуе рейстерінің саны артады Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық тауарларды Қатарға жеткізудің қосымша арналарын құру, екі елдің бизнесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өзара тауар айналымын арттыру – 3 қазанда Дохада өткен жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының 6-шы отырысына қатысушылар алға қойған мақсаттарына үлес қосуға деген ұмтылысы пен ниеттерін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссияға Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ал Қатар тарапынан сауда және өнеркәсіп министрі шейх Мұхаммед бен Хамад бен Қасым Әл Тани тең төрағалық етті.

Қатар сауда және өнеркәсіп министрі өз сөзінде атап өткендей, бүгінде Халықаралық валюта қорының ақпараты бойынша Қатар өз аймағындағы дамудың ең жоғары қарқынына қол жеткізіп, инвестициялық тартымдылығы бойынша әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

"Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз жақсы бағытта дамып келеді, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Астанаға сапары барысында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, бұл бізге белгілі бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Қазақ инвесторларын біздің кәсіпкерлермен берік әріптестік орнатуға шақырамын. Мен екі ел арасындағы тауар айналымы жаңа биіктерге жететініне сенімдімін", — деп атап өтті шейх Мұхаммед бен Хамад бен Қасим Әл Тани.

Өз кезегінде Серік Жұманғарин екі мемлекет арасындағы тығыз байланыс екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң серпін беретінін баса айтты. Бұған жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлар дәлел бола алады.

"Біз Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді әрі маңызды серіктесі Қатар мемлекетімен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береміз. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде екі ел ашық саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады. Бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдар жүзеге асырылып келеді, Алматы–Доха арасында аптасына 7 рейс қарқындылығымен тікелей әуе қатынасы орнатылды. Келіссөздер жүргізіліп, рейс санын 28-ге жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді", — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Серік Жұманғарин тараптардың басқа салалардағы өзара іс-қимылын жандандыруды ұсынды.

"Қазақстандық ет және басқа да азық-түлік өнімдерін өндірушілер Қатар нарығына тауар экспорттауға қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты елдеріміз арасында Халал-сертификаттарын үйлестіру рәсімдерін жеделдету орынды деп санаймын. Сонымен қатар біз уылдырық, балық, бал және т.б. сияқты азық-түлік өнімдерінің премиум сегментін жеткізуге дайынбыз. Сондай-ақ елдеріміз арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бүгінгі таңда Қазақстан газ өңдеу және газ химиясын дамыту, сондай-ақ сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыттар салу арқылы тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығару бойынша елеулі міндеттер қойып отыр", — деді С.Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу