2023 жылғы 3 қаңтардан бастап "Qatar Airways" катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, "Qatar Airways" әуекомпаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында рейстерді жоспарлап отыр.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.