Мәжіліс Қазақстан мен Қатар Үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, тиісті келісімге 2023 жылғы 12 желтоқсанда Доха қаласында екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының басшылары қол қойған.
"Қатар – еліміздің Араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі. Онымен қоса әскери ынтымақтастықты перспективтік бағыттары бар. Келісімді ратификациялау тараптарға әскери білім беру және ғылым, әскери медицина, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар, жауынгерлік даярлық, сондай-ақ өзге өзара келіскен салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндігін береді. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңының 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес келісім ратификациялануы тиіс. Келісімді ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды", - деді ведомство өкілі.
Дархан Ахмедиев тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатынын жеткізді.