Қазақстан парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева бастаған делегация мүшелері Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ван Чэнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.
"Қытай мен Қазақстан - достас әрі шекаралас елдер және де өзара тиімді әріптестер. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері 26 жыл бойы іскерлік байланыстар жоғары деңгейде жалғасып келеді.
Екі мемлекет басшылары - ҚХР төрағасы Цзиньпин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елдер арасында екі жаққа да тиімді байланыстар негізінде жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық дамуда, ол жаңа деңгейге көтерілді", - деді кездесу барысында Ван Чэнь.
Өз тарапынан Гүлмира Исимбаева Ван Чэнді Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі сессиясының және Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының табысты өтуімен құтттықтады.
Сондай-ақ ол 2012 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Цзиньпин - 17 рет, екі елдің үкімет басшылары - 8 рет, парламент жетекшілері 2 рет кездескенін еске салды.
"Биылғы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1, 7 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,3 процент жоғары",- деді Гүлмира Исимбаева.