Қазақстан мен Кипр Республикасының ресми делегация мүшелері ведомствоаралық құжаттармен алмасты

396

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Кипр Республикасының ресми делегация мүшелері ведомствоаралық құжаттармен алмасты Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда:
 
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кипр Республикасы Зерттеу, инновациялар және цифрлық саясат кіші министрлігі арасында ақпараттық коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
 
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кипр Республикасы Мәдениет кіші министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
 
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, мәдениет, спорт және жастар министрлігі арасында білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
 
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, спорт және жастар министрлігі арасында спорт саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
 
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасы мен Кипр Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы инвестициялық және іскерлік перспективаны нығайту бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

Айта кету керек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидисті Тәуелсіздік сарайында қарсы алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу