Қазақстан мен Кипр сотталған адамдармен алмасады

306

Сотталғандарды елге қайтару үшін бірнеше шарттар сақталуы тиіс. 

Қазақстан мен Кипр сотталған адамдармен алмасады Фото: travel press

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі мемлекет арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім 2024 жылғы 25 наурызда Астанада жасалды.

Сенатор Советбек Медебаевтың айтуынша, келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған адамдарға қатысты жазаны немесе оның жазасының қалған мерзімін өз мемлекетінде одан әрі өтеу үшін бір-біріне сотталған адамдарды беруге міндетеледі.

"Қазақстан тарапынан сотталған адамдарды беру туралы шешімнің орындалуына жауапты құзыретті орган ретінде – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы белгіленеді. Келісімде сотталған адамдарды беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген",  деді депутат.

Сотталған адамдар келесі шарттар сақталған кезде беріледі: 

  • сотталған адам екі елдің бірінің азаматы болуы тиіс;
  • үкім шығарушы тараптың заңнамасына сәйкес шешім түпкілікті болса; 
  • өтелуге тиісті жазаның қалған мерзімі кемінде 6 айды құраса немесе үкім белгіленбеген мерзімге шығарылса; 
  • сотталған адамның келісімі болса; 
  • үкім шығарылған әрекет немесе әрекетсіздік оны орындаушы тараптың заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылса; 
  •  үкімді шығарушы да, орындаушы да тараптар сотталған адамды беруге келіссе.  

"Егер үкім шығарушы тарап беру өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептесе; сотталған адам үкім бойынша залалды өтемесе; үкім шығарушы тарапта беруге тиіс адамға қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылып жатса, беруден бас тартылуы мүмкін",  сенатор Советбек Медебаев.

Оның мәліметінше, Қазақстан 20-дан астам елмен сотталған адамдарды беру туралы келісім жасаған. Олардың ішінде Үндістан, Түркия, Иран, Израиль, Италия, Испания, Венгрия және т.б. бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу