Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы көлемі 4 млрд долларды құрады

1545

Ал 2019 жылдың бірінші жартысында 2,7 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен екі есе артқан.

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы көлемі 4 млрд долларды құрады

ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ресми сапармен Корея Республикасына барып қайтты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі..

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Оңтүстік Корея басшылығымен бірқатар кездесу өткізді, атап айтқанда премьер-министр Ли Нак Ён, Ұлттық Ассамблеяның (парламент) спикері Мун Хи Сан, БҰҰ экс-бас хатшысы Пан Ги Мун, сондай-ақ сыртқы істер министрі Кан Ген Хва мен сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың басқа да салаларындағы қатынастарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ Корей түбегіндегі жағдайды талқылады.

Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа назар аударылды. 

Корея Қазақстан үшін ең басым елдердің бірі, сондай-ақ Азиядағы екінші сауда серіктесі болып табылады. 2018 жылы тауар айналымының көлемі 4 млрд АҚШ долларды құрады, ал 2019 жылдың бірінші жартысында 2,7 млрд долларға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен екі есе артық екенін көрсетеді.

Корея тарапы еліміздегі инвестициялық ахуалды жетілдіру саясатымен егжей-тегжейлі танысып, Қазақстан экономикасына белсенді инвестиция салуға шақырды. 2005 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Корея ҚР экономикасына 5,3 млрд доллар салды.

Тараптар Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған "Жаңа жел" бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жұмыс тобының қызметі мәселелерін талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды. Топтың бірінші отырысын қыркүйек айының соңында Қазақстан астанасында өткізу жоспарланып отыр, оны үйлестіруді Қазақстан тарапынан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ал корей тарапынан -сауда, индустрия және энергетика министрлігі жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу