Қазақстан мен Корея бірлесіп, халықаралық IT-орталығын құрады

1381

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин арасында келіссөздер өтті.

Қазақстан мен Корея бірлесіп, халықаралық IT-орталығын құрады

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы ерекше достық қарым-қатынастарды растай отырып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, мәдени, спорт және туристік салалардағы өзара тиімді және практикалық ынтымақтастықты нығайту жөнінде ортақ пікірге келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Тараптар 2019 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен бизнес-форумның қорытындысын жоғары бағалады және іскер топтар өкілдерінің уағдаластықтарын табысты жүзеге асыру үшін ынтымақтасуға уағдаласты, сондай-ақ Кореяның Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға сапары аясында қол қойылған коммерциялық құжаттар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге үлес қосатынын атап өтті.  Осы мақсатта екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Кореяның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру үшін қолайлы жағдай жасауды қолдады.

Корей тарапы "Цифрлық Қазақстан 2018-2022" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қызығушылық танытып, экономиканың барлық салаларын цифрландыру бойынша тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан корей тарапының Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Корея бірлескен халықаралық IT-орталығын құру туралы бастамасын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу