Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды арттыруға ниетті

296

​Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия Бюросының бас директоры Нам Джинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды арттыруға ниетті Фото: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Кездесуде Қазақстан мен Корея арасындағы саяси байланыстардың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі талқыланды.

Арман Исағалиев екіжақты байланысты өнеркәсіптік кооперация, жасанды интеллект, инфрақұрылым және білім беру секілді перспективалы салалардағы нақты жобалармен толықтыруға Қазақстан мүдделі екенін жеткізді.

Корея тарапы да практикалық ынтымақтастықты күшейтуге және ортақ басымдықтарды жүзеге асыру үшін жоғары деңгейдегі саяси диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар "Орталық Азия – Корея Республикасы" ынтымақтастық форумы аясындағы өзара іс-қимылға басымдық берілді.

Келіссөз соңында тараптар алдағы жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты әрі көпжақты кездесулерді бірлесіп дайындау және үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу