Қазақстан мен Корея техникалық ынтымақтастық жайын талқылады

627

Қазақстан мен Корея техникалық ынтымақтастық жайын талқылады

19-20 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Корея Республикасымен қайтарымсыз техникалық ынтымақтастық аясында Knowledge Sharing Program (KSP) Білім алмасу жөніндегі бағдарлама аясында семинар өткізді, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында білім алмасу бағдарламасы жөніндегі қорытынды есеп, жоғары буынның саяси диалог жүргізу аясындағы ынтымақтастығының басым бағыттары, сондай-ақ 2016-2017 жылдардағы KSP бағдарламасы аясындағы жобалар қаралды.

Бюджеттік инвестиция және мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев ұлттық экономика министрлігі жалғастырып жатқан белсенді ынтымақтастыққа байланысты экономиканың түрлі саласындағы ұзақмерзімді кезеңге арналған екіжақты техникалық ынтымақтастықты жандандыра түсу мақсатында әзірленген шекті меморандумға қол қойылғанын айтты.

Қазақстанда KSP бағдарламасы 2010 жылдан бастап, Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі мен KDI институтының қайтарымсыз техникалық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу