Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату жоспарлануда

590

Бұл туралы Кувейттің еліміздегі елшісі Тарик Абдулла Аль-Фарадж бен ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың кездесуінде талқыланды.

Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату жоспарлануда

Астанада Қазақстан Республикасындағы Кувейт мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Тарик Абдулла Аль-Фарадж бен ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта екі елдің белгіленген авиакомпаниялары Астана мен Кувейт қалалары арасына аптасына 7 жолаушы / жүк / аралас рейстерді орындауға құқылы. Кувейт тарапынан "Kuwait Airways", "Wataniya Airways" и "Jazeera Airways" әуе компаниялары белгіленген. Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қою және басқа да жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу