Астанада Қазақстан мен Қырғыстан премьер-министрлері кездеседі, деп хабарлайды Интерфакс.
16-17 тамызда Астанада Қырғызстан-Қазақстан үкіметаралық кеңесінің отырысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланады, шара қорытындысы бойынша хаттамаға және бірқатар екіжақты келісімге қол қою күтілуде.
Бұдан басқа, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедкалый Абылгазиевтің екіжақты кездесуі жоспарланған. Екі ел үкіметі басшылары Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматовтың есімін беру рәсіміне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу