Қазақстан мен Қырғызстан арасында құтқару саласындағы ынтымақтастық келісім ратификацияланды

409

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. 

 Қазақстан мен Қырғызстан арасында құтқару саласындағы ынтымақтастық келісім ратификацияланды Фото: gov.kz

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасы 2022 жылғы 26 мамырда Бишкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.

Келісімнің мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес апаттықжағдайдағы не апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің 
іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады. 

Осы Келісім шектес мемлекеттердің әуе кемелерін іздестіру және құтқару саласындағы іс-қимылдарын үйлестіруге ықпал ететін болады.

Осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

Осыған байланысты Комитет "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу