Былтыр Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 1 млрд АҚШ долларға дейін ұлғайған. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы "сауда көлемін 2 миллиард долларға жеткізуге келіскенін" мәлімдеген болатын, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Қырғызстаннан Қазақстанға экспорт 2020 жылмен салыстырғанда 35%-ға төмендеді, ал елімізден көрші елге экспорт көлемі керісінше 2,5 есеге өскен.
Қырғызстаннан елімізге минералды өнімдер (42%), жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер (19%), химиялық өнімдер (8%) және металдар (8%) экспортталады.
Қазақстаннан Қырғызстанға тамақ өнімдері (28%), мұнай мен газ (20%), машина (18%), химиялық өнімдер (15%) және металдар (8%) жеткізіледі.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, 2021 жылы экспорт барлығы 668 тауар түрінен тұрды. Олардың ішінде Қырғызстаннан елімізге 43 млн АҚШ долларға қож бен күл экспортталды.
Өнеркәсіпте қож бен күл бетонның кейбір түрлерін өндіруде қолданылады. Сондай-ақ, олардан металл қоспалары алынады. Күл ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Одан кейінгі орындарда байланыс жабдықтары (40 млн АҚШ доллар) мен темекі өнімдері (38 млн АҚШ доллар) бар.