Қазақстан мен Қырғызстан ерте пісетін көкөністерді жеткізу туралы келісті

968

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан ерте пісетін көкөністерді жеткізу туралы келісті

Министр кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровпен, сондай-ақ Қаржы және экономика мен Коммерция министрліктерінің басшыларымен, ҚР Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрімен, сондай-ақ Бішкек қаласының мэрімен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында Министр кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2021 жылғы 7-8 желтоқсандағы Қазақстанға сапары барысында және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шеңберінде 2021 жылғы 17-20 тамыздағы Шолпан Ата қаласына сауда-экономикалық миссия шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың практикалық мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Министр кабинетінің төрағасы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысымен кездесуде "Қарасу" өткізу пункті базасында шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін (ИСЛК) құру жөніндегі іс-шаралар барысы талқыланды. ИСЛК базасында жеңіл өнеркәсіп (оның ішінде тоқыма), ағаш өңдеу, құрылыс материалдары және т.б. бірлескен кәсіпорындар құрылатыны атап өтілді.

Тараптар сондай-ақ ішкі тауар өткізу желісін қалыптастыру процесін және Қырғызстанда КТО құру жөніндегі жобаны және олардың Еуразиялық тауар өткізу жүйесіне одан әрі интеграциялануын талқылады (бұдан бұрын Қырғыз Республикасының аумағында КТО құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған).

"Сақтау және логистика жүйесін құру, біздің бағалауымыз бойынша, Қырғызстаннан жеміс-көкөніс өнімдерінің экспортын 90 млн доллардан 175 миллион долларға дейін 2 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жеміс – көкөніс өнімдерінің шығынын 40-тан 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Қазақстан делегациясының құрамына іскер топтардың өкілдері кірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Мәселен, Қырғызстанға азық-түлік өнімдерін (тез дайындалатын кеспе) жеткізуге экспорттық келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан компаниялары ҚР нарығына 1 млн АҚШ доллары сомасына ерте пісетін көкөністерді (сәбіз, қырыққабат) жеткізу туралы келісті.

ҚР СИМ "Қазстандарт" РМК мен ҚР Экономика және қаржы министрлігінің Стандарттау және метрология орталығы арасында ұлттық стандарттарды қабылдау, қолдану, аудару және таратуға лицензиялық келісімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу