Қазақстан ипотекалық компаниясының қырғызстандық әріптестермен өткен жылғы желтоқсан айында өткен кездесулері екі компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ-ның және "Мемлекеттік ипотекалық компаниясы" ААҚ-ның (Қырғызстан Республикасы) басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстан және Қырғызстан компанияларының ипотекалық несие беру нарығында қызмет саласында тәжірибе алмасу ниеттерін білдіреді.
Тараптар өкілдерін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мен оны ұсыну, ипотекалық қредиттің IT-жүйесі жұмыстарын ұйымдастыру мен дамыту, қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін көтеру, сонымен қатар форумдарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және басқа іс-шараларға қатысу бойынша бағыттары қызықтырады.
Қырғыз әріптестер Қазақстан ипотекалық компаниясының бизнес-үдерістермен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, сонымен қатар тұрғын үй бағдарламасы аясында іске асырылатын тұрғын үй объектілеріне қатысушылармен әрекет ететін барлық құрылымдардың жұмыстарымен танысты.
"Мемлекеттік ипотекалық компаниясы" ААҚ (Қырғызстан Республикасы) басқарма төрағасы Бактыбек Шамкеев қазақстандық оператордың табысты тәжірибесі әлеуметтік мәні бар Қырғызстан тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда теңдесі жоқ тәсіл болып табылады деп атап көрсетті.