Қазақстан мен Қырғызстан қос азаматтықпен бірігіп күреспек

812

Заң жобасы қос елдің азаматтары туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қон және қос азаматтықпен күресуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Қырғызстан қос азаматтықпен бірігіп күреспек

Мәжілісте "Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ішкі істері министрі Ерлан Тұрғымбаев келісімге 2019 жылдың 27 қарашада Бішкекте қол қойылғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл құжат азаматтар туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. 

"Нақты айтсақ, статистика бойынша ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Яғни қос елдің үкіметі тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік бар", - деді ол.

Ведомство басшысы Қырғыз Парламенті бұл келісімді 2021 жылы 17 ақпанда бекіткенін атап өтті.

Айта кетейік, мұндай келісім бұған дейін Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусьпен жасалған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу