Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды

1109

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу