Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттама ратификацияланды

430

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.  

Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттама ратификацияланды Фото: twesco.org

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау. Осы орайда, 2019 жылғы 20 мамырда Бішкекте жасалған екі мемлекет арасындағы хаттаманы қолданысқа, заңдық күшіне енгізу ескерілген.

Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі мынадай учаскелерді айқындады:

  • Қазақстан Республикасының жағынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері, ал Қырғыз Республикасының жағынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев атап өткендей, заңды ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік шекарасында тұрақтылық пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуді, өзара келісім мен сенімділікті арттыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу