Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

435

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді.  

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді Фото: gov.kz

Сейсмологтар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 24 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11:17-де болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде болған.

Бұған дейін мамандар 2025 жылы 19 наурызда Алматыдан 300 шақырым жерден жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның ошағы Қытай аумағында орналасқан. 12 наурызда таңертең Қазақстанның оңтүстігінде екі ауданда жер сілкінісі болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу