Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болып, тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан "Ақ-тілек" (Қырғыз Республикасы) – "Қарасу" (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі белгіленгенін Шекара қызметі хабарлайды. Жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Қарасу" өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды.
Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайдың есебінен Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды.