Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кептеліске су тапшылығы себеп болды ма?

1542

Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі БАҚ-тағы Қазақстан Қырғыз жүк көліктерін өз аумағына көрші ел су бермегендіктен жібермей жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді. 

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кептеліске су тапшылығы себеп болды ма? Фото: politring.com

Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қырғыз Ауыл шаруашылығы Министрлігі жанындағы ирригация ғылыми-зерттеу институтының директоры Ұлан Чортомбаевтың айтуынша, Қырғызстан қоймаларда су қалмағандықтан Қазақстанға жеткізілімді доғарды.

"Көктемнен бастап біз Киров және Орто-Токой су қоймаларынан үздіксіз су бердік. Бізде су қалмаса да, өз міндеттемелерімізді толығымен орындадық. Су жоқ. Енді жоқ болса, не жібереміз? Біз суды әдейі бермей отырған жоқпыз. Қазір бәрін спутник арқылы көруге болады", — деді Чортомбаев.

Агенттік еске салғандай, 2023 жылғы 17-19 шілдеде Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан өкілдерінің Шу және Талас өзендері бойынша су бөлу мәселелерін шешу бойынша кездесуі өтті. Қазақстандық тарап Талас өзенінің бассейніндегі ауыр жағдай туралы хабарлады, соның салдарынан Жамбыл облысының тұрғындарына суармалы су беру проблемалары басталды және оны 2023 жылғы 18 шілдеден 31 шілдеге дейін Қырғызстанның Киров су қоймасынан алынатын судың көлемін секундына 45,0 текше метр дейін ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді.

Қырғыз аграрлық ведомствосында нақтыланғандай, қол қойылған кесте бойынша Қазақстан өңірі секундына 40,0 текше метр алуы тиіс еді.

Қырғыз тарапы да  Шу және Талас облыстарында суарудың осындай ауыр жағдайы туралы хабардар етті:  арнайы штабтар құрылған, су тұтынушыларды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін су айналымы кестелері әзірленген және қазақстандық тарапқа осы жылдың 1 тамызына қарай секундына 45,0 текше метр шығын кезінде Қазақстанның үлесі небәрі 3,54 миллион текше метрді құрайтынын хабарлады, ол осы жылдың 1 тамызына дейін секундына 10,0 текше метр қолданған жағдацда жеткізілетін су көлемі тек 2023 жылдың 4 тамызына дейін жететінін де ескерткен.

Бұған дейін "Sputnik Қырғызстан" агенттігі хабарлағандай, 10 тамыздан бастап Қырғызстан Киров су қоймасынан Қазақстанға су беруді тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу