Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кездесті

662

Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кездесті

Самаркандта Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Эрлан Абдылдаев кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және жиналған сауда-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты өзара мүдделерін атап өтті.

Министрлер екі елдің сыртқы саясат ведомстволары бойынша байланыстарды жандандыру туралы уағдаласты.

Қайрат Әбдірахманов пен Эрлан Абдылдаев Самаркандқа Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференцияға және "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" кезекті диалогіне қатысу үшін барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу