Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары Душанбеде кездесті

662

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары Душанбеде кездесті

Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Душанбе қаласында Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Кабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Екіжақты кездесу ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясында өтті.

"Қырғызстан-Қазақстан одақтастық қатынасы даму үстінде, белсенді саяси-экономикалық диалог орнатылып, барлық деңгейде байланыс жасалуда. Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынастарды нығайту Қырғызстанның сыртқы саясатының басымдықтарының бірі болып табылады", - деп атап өтті Мухаммедкалый Абылгазиев.

Қырғызстанның үкімет басшысы атап өткендей, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және екіжақты сауда-саттықты дамыту әлеуеті зор.

"Біздің президенттер өзара сауда айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу туралы тапсырма берді. Бұл өзара сауда айналымын арттыру және саудадағы қазіргі кедергілерді жою үшін жағдай жасау мақсатында тығыз ынтымақтастық жасауға жетелейді", - деді ол.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев екі мемлекет басшыларының алға қойған жоспарлары жүзеге асуы тиістігін атап өтті.

"Қазақстандық тарап екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға бағытталған кез келген бастаманы әрдайым қолдауға дайын", - деді үкімет басшысы.

Кездесу соңында Қазақстанда өтетін Қырғызстан-Қазақстан үкіметаралық кеңесінің кезекті 7-ші отырысын премьер-министрлердің төрағалығымен өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу