Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды

856

Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды

2 желтоқсан күнгі Қырғыз Республикасы үкіметтік делегациясының Астанаға жасаған сапары аясында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР премьер-министрінің орынбасары Толкунбек Абдыгулов екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Минскідегі Қырғыз президентімен кездесу қорытындысы бойынша елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі көрші елдің үкіметтік делегациясымен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды. Оның ішінде шекарадағы жағдай да қамтылған.

Жол картасы шекара, көлік, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру салалары бойынша өзара қарым-қатынас, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін шешуге негізделген 50 шараны қамтиды.

Құжатта  тез арада қолға алынуға тиіс 16 шара, қысқа уақытта жасауы тиіс 5 және  жүйелі түрде жасалатын 29 шара қамтылған.

"Бұл шаралар қырғыз экономикасының ЕАЭО нормаары мен талаптарына бейімделіп, бұл елдің тауарлары ЕАЭО нарығына еркін шыға алуы үшін қоға алынып отыр", - дейді Асқар Мамин.

Жол картасына қол қойған соң Қазақстан мен Қырғызстан ЕАЭО сыртқы шекарасында кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитариялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне, сондай-ақ Қазақстан-Қырғыз шекарасы арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік тауарларды Еуразияық экономикалық комиссия өкідерінің қатысуымен өткізуге қол жеткізеді.

Қырғыз тарапы жоғарыда көрсетілген салалар бойынша ЕАЭО талаптарына толықтай сай келетін дәрежеде бақылау жасауды мойнына алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу