Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз көші-қонмен бірлесіп күреседі

1459

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды.  

Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз көші-қонмен бірлесіп күреседі

Осыдан 2 жыл бұрын Бішкек қаласында қол қойылған құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: "Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметі тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Көші-қон саласындағы қылмыспен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік алады. Қырғызстан парламенті келісімді 2021 жылғы 17 ақпанда бекітті", – деді.

Министрдің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат келді. Соңғы 3 айда елімізге енген қырғыз азаматтарының саны 
32 мың адамнан асты. 

"Қазақстаннан былтыр 175 мың азамат Қырғызстанға барды. Соңғы 3 айда мұндай адамдардың саны 36 мыңды құрады. Қазақстан осындай келісімді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Беларусь мемлекетімен жасады. Заң азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған. Құжат әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ қосымша қаражат талап етпейді", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу