Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз сертификаттар айналымының жолын кесу бойынша күш біріктіреді

323

Бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді

Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз сертификаттар айналымының жолын кесу бойынша күш біріктіреді Фото: gov.kz

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Ұлттық аккредиттеу орталығы делегациясының Бішкек қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қырғыз әріптестерімен бұзушылықтармен шығарылған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру мен таратуға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және оларды кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылды. Сапар 2024 жылғы 2-3 ақпанда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының және Қазақстан Премьер-Министрі мен Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Қырғызстан Президенті Әкімшілігі Басшысының елдердің техникалық реттеу саласындағы өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі екіжақты кездесуінің қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.

Қазақстандық делегацияны Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Талғат Момышев басқарады, делегация құрамында ҰҚО Бас директорының орынбасары Ержан Қарасаев және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Динара Жайлаубаева бар.

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің қолдауымен ҰҚО және ТРМК басшыларының Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Айнура Үсенбековамен, Стандарттау және метрология орталығының басшылығымен және Қырғыз Аккредиттеу орталығының әріптестерімен кездесулері өтті.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының делегациясы Қырғызстан органдарының техникалық реттеу, стандарттау және аккредиттеу саласындағы қызметімен танысып, тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының бұзушылықтармен шығарылған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру мен таратудың жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және ынтымақтастықты тереңдету туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу