Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады

817

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын орналастырды. 

Келісімге қол қоюдың мақсаты азаматтардың Қазақстан мен Қырғызстан заңнамасына сәйкес белгіленген зейнетақыларды бір мезгілде алу фактісін тексеру мақсатында Тараптар арасында қорғалған ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14997985.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу