Қазақстан мен Қырғызстандағы компаниялар Еуроодақтың жаңа санкциялар тізіміне енді

381

Еуропалық одақ Ресейге қарсы қабылданған 21-санкциялар пакеті аясында санкциялар тізіміне Қытайдың 15 компаниясын, Қырғызстанның үш компаниясын және Қазақстанның екі компаниясын енгізді.  

Қазақстан мен Қырғызстандағы компаниялар Еуроодақтың жаңа санкциялар тізіміне енді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Бұл туралы Еуропалық одақ Кеңесінің ЕО-ның ресми журналында жарияланған қаулысында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа шектеулер Еуроодақтың соңғы төрт жылдағы ең ауқымды санкциялар пакетінің бір бөлігі болып саналады. Жалпы санкциялар тізіміне 218 нысан енгізілді. Оның ішінде 48 жеке тұлға және 170 ұйым бар.

Брюссельдің мәліметінше, ЕО экспорттық шектеулерді айналып өтуге көмектеседі деп санайтын компанияларға ерекше ден қойған. Қара тізімге үшінші елдердегі 51 ұйым енді. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниялар бар. Еуроодақтың мәліметінше, бұл ұйымдар қосарлы мақсаттағы технологияларға қатысты экспорттық шектеулерді айналып өтуге ықпал етуі мүмкін. Атап айтқанда, әңгіме микроэлектроника, сандық бағдарламамен басқарылатын (CNC) станоктар және жартылай өткізгіштер өндіруге арналған жабдықтарды жеткізу туралы болып отыр.

Сонымен қатар, Еуроодақ Ресейдің халықаралық қаржылық есеп айырысуларында балама тетік ретінде қолданатын жүйесімен байланысты Қырғызстандағы бір банкке қатысты операциялар жүргізуге тыйым салды.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ ондаған елге жаңа баж салығын енгізгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу