Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы мәресіне жетті

1098

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды. 

Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы мәресіне жетті

Теориялық және практикалық сабақтар барысында екі елдің әскери қызметшілері таулы, тактикалық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Таудағы дайындық маңызды практикалық кезең болды. Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісінің айтуынша, біздің жеке құрам сақтандыруды пайдалана отырып, тауға өрмелеу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бойынша жаттығуларды сапалы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

"Ыстықкөл – Аңырақай-2019" оқу-жаттығуы бірлескен жұмыста екі елдің бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін,  үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.  

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші.

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн.   Өткен жылы "Аңырақай-2018" оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу