Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында сауда-логистикалық кешен салынбақ

171

Оның жалпы ауданы 7,6 шаршы шақырымды құрайды. 

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында сауда-логистикалық кешен салынбақ Фото: ЕАБ

Екі елдің үкіметтері арасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кешен "Ақ-тілек" (Қырғызстан) және "Қарасу" (Қазақстан) өткізу пункттерінің жанында орналасады. Оның жалпы ауданы 7,6 шаршы шақырымды құрайды, оның ішінде қырғыз бөлігінің ауданы — 4 шаршы шақырым, қазақстандық бөлігі — 3,6 шаршы шақырым.

Сауда-логистикалық кешен өндірістік алаңдардан, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймалардан, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұратын болады, сол арқылы жүктерді жеткізуді жеделдетуге және логистикаға шығындарды азайтуға мүмкіндік туады. 

2023 жылғы маусымда Қырғызстан мен Қазақстан индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімге қол қойды. Бұл рентабельді экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыруға және экономиканың жекелеген салаларының, оның ішінде өндіріс пен сатуды басқарудың озық технологияларын пайдалану есебінен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу