Қазақстан мен Қытай Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысын бастады

149

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Қазақстан мен Қытай Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысын бастады Фото: solvo.ru

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 240 020 футтық эквивалентке дейін арттыратын алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Контейнерлік хаб жобасын "Ляньюньган порты" АҚ және Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асырып жатыр. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жоба елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырады және көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді.

“Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы  Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді. Қазір 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, қазір теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84%-ға артып, 58 мың ЖФЭ-ке(жиырма футтық эквивалент) тең. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХТМ) бойынша контейнерлік тасымалдар 2,7 есе өскен.
Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік,биыл қыркүйек айында “Қазақстан теміржолы” Қазақстан мен Қытай бірлесіп контейнерлік хаб құратынын мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу