Қазақстан мен Қытайдың кедендік қызметтері тасымалданатын жүк туралы ақпаратты онлайн-режимде өзара алмасу туралы келісімге келді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінен хабарланды.
Хабарламада тараптардың өкілетті тұлғалары Қытайда өткен "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасына бағытталған форумда бірқатар маңызды құжатқа қол қойғаны айтылған. Оған сәйкес, қатынайтын көліктер мен жүктер жөнінде алдын ала мәлімет беру қарастырылған. Сондай-ақ, тарифтердің бағасы мен сыртқы сауда бойынша есеп-қисаптар да екі елдің құзырлы органдарына қолжетімді болмақ. Бұл статистиканың біркелкі болуы үшін жасалған қадам дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу