Осыған байланысты ПТР-тест тапсыруға өзгерістер енгізілген.
Енді ұшуға дейін 48 сағат ішінде екі ПТР сынамасын тапсыру керек. Екіншісі ұшудан 24 сағат бұрын тапсырылуы шарт. Кері санақ биоматериал алынған сәттен басталады. ПТР-тест Елшілік пен Бас консулдық белгілеген екі зертханада жүргізілуі керек.
Бұған қоса ұшудан 12 сағат бұрын қосымша антиген сынамасын тапсырылады. Кері санақ биоматериал алынған сәттен басталады. Алынған сынақ нәтижесін тексеру үшін Елшілікке немесе Бас консулдыққа жіберудің қажеті жоқ, ол рейске тіркелу кезінде авиакомпания қызметкеріне көрсетілуі керек.
Ұшуға тіркелу кезінде авиакомпания қызметкеріне мобильді қосымша арқылы ашылған "көгілдір денсаулық кодын" (алдын ала түсірілген скриншот қабылданбайды) және теріс нәтижесі бар антиген сынағы анықтамасын (қағаз немесе электронды түрде) көрсетесіз.
Қытайға ұшпас бұрын жолаушылар Қазақстанда 10 күн оқшауланып, денсаулығын өз бетінше бақылап, тиісті кепілдік хатқа қол қоюы шарт.
Қытай мен Қазақстан арасындағы Елшілік пен Бас консулдық 1 шілдеден бастап Қазақстаннан Қытайға үшінші мемлекет арқылы транзиттік рейспен келе жатқан жолаушылардан денсаулық кодын алуға өтініш қабылдауды тоқтатады.
Тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін Елшілік пен Бас консулдық үшінші елден Қазақстан арқылы Қытайға транзиттік рейспен ұшатын жолаушылардан денсаулық кодын алуға өтінішті уақытша қабылдамайды.