Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы – 5,7 млрд доллар

1088

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан статистикасының Қытаймен алшақтығының негізгі себептерін айтты.

Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы – 5,7 млрд доллар

Министр келтірген себептер мынадай:
- Статистиканы қалыптастырудың методологиялық ерекшеліктері;
- Қытай Қазақстан арқылы (транзит - авт.) өткізетін тауарларының бір бөлігін "Қазақстан Республикасына экспорт" ретінде көрсетеді. Еуразиялық экономикалық одақтың өзге елдерінде де алшақтық бар: Армения (+450 млн долл.), Беларусь (+1,5 млрд долл.) және Ресей (+4,3 млрд долл.);
- Қытай тауар өндірушілері субсидиялар мен қосылған құн салығын қайтарып алатындықтан экспорттық бағаны көтеруге мүдделі;
- Қазақстандық импорттаушылардың дұрыс декларацияламауы және кедендік құнды кемітуі;
- "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы өткізілетін пошта тасымалдары мен тауарлар біздің статистикамызда есепке алынбайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы – 5,7 млрд доллар. Негізгі сауда топтары: киім, аяқ киім, ойыншықтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу