Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы жаңа рекордтар орнатуда

450

Тасымал өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы жаңа рекордтар орнатуда Фото: ҚТЖ

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ке ұлғайып, 2,4 млн тоннаға жеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ҚТЖ-ның мәліметінше, тасымал өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болған. ҚХР-ға экспорт 57%, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті. Атап айтқанда, астық жүктері экспорты 125% артқан. Қыркүйек айында импорт 13%-ға өсті.

"Жалпы, 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22%-ке өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелі арқылы 9,2 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 28%-ке жоғары. ҚХР-дан жүкті қабылдау 10%-ке, 8,3 млн тоннаға дейін, тапсыру-31%-ке, 12,8 млн тоннаға дейін өсті", – делінген хабарламада.

Қазан айының қорытындысы бойынша теміржолшылар 2022 жылғы тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр, ол 23,2 млн тоннаны құрады және тарихи максимум болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу