Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тоқтамайды

1004

Қытайлық мамандармен байланыс шектелген.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тоқтамайды Фото: Максим Морозов

Әлемде коронавирустық инфекцияның өршіп, елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тоқтамайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚХР арадағы халықаралық түйіспе пунктерінде тасымал штаттық режимде жүзеге асырылады. Коронавирус індетінің таралуына орай жүк пойыздарының қозғалысы тоқтатылмайды. Теміржолшылардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бірлескен күш-жігерімен Достық және Алтынкөл станцияларында қажетті алдын алу шаралары қабылдануда", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар арнайы станцияларда сақтық шаралары күшейтіліп, қытайлық мамандармен байланыс шектелген.

"Коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізу жүк тасымалына ықпал еткен жоқ. Станцияларда қауіпсіздіктің маңызды шаралары қабылданып, пойыздарды жөнелту мен қабылдаудың алгоритмі пысықталып, қытайлық мамандармен байланыстар шектелген", – деді "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ бас инженері Батыр Котырев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу