Қазақстан мен Қытай атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

176

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Қазақстан мен Қытай атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Фото: gov.kz

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік мәліметінше, келіссөздер барысында атом саласының әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағыттары, инновациялар және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

"Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге дайын екендіктерін растады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу