Қазақстан мен Қытай азаматтарына қатысты ақпарат алмасуға келісті

Келісім екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал етеді. 

Қазақстан мен Қытай азаматтарына қатысты ақпарат алмасуға келісті Фото: ИИДМ

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялады.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықта құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Құжат тараптар азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болады. 

Мәжіліс заң жобасын қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу