Қазақстан мен Қытай бәсекелестікті дамыту ісін қолға алмақ

796

Қазақстан мен Қытай бәсекелестікті дамыту ісін қолға алмақ

ҚР ҰЭМ және ҚХР-дың Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің (SAIC) делегациясымен өткізілген кездесу барысында Бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан мен Қытай арасындағы бәсекелестік саясат, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы құқықтық қолдану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздеген бұл меморандум мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейді:

-  монополияға қарсы заңнама және құқық қолдану саласында ақпарат алмасу;

- Қытай мен Қазақстанда ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу, оның ішінде бәсекелестік және басқа да істерді қараумен айналысатын лауазымды тұлғалар үшін кәсіби тренингтер өткізу.

Аталған кездесу аясында қытайлық тарап ҚХР-да жүргізілген кәсіпкерлік жүйесі реформасын таныстырды.  Қытайлық тараптың делегациясын Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің вице-министрі Ванг Джианпиг (Wang Jiangping) мырза басқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу