Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде бөгет салады

799

Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде бөгет салады

Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгет салмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы  Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады. 

"Келісімге сәйкес әр тарап жобаның жалпы құнының елу пайызын мойнына алатын болады. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті заң жобасын жұмысқа қабылдап, ол бойынша 2018 жылдың 12 желтоқсанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деді мәжілістің жалпы отырысында комитет төрағасы Глеб Щегельский. 

Келісімге 2017 жылы 8 маусымда Астанада қол қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу