Қазақстан мен Қытай цифрлық білім беру саласында әріптестікті нығайтты

372

Ханчжоуда өткен жиында білімнің болашағы талқыланды.  

Қазақстан мен Қытай цифрлық білім беру саласында әріптестікті нығайтты Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі Telegram

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясы – 2026 (World Digital Education Conference) жұмысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі мен Чжэцзян провинциясының халық үкіметі ұйымдастырды. Халықаралық жиынға мемлекеттік органдардың, білім беру саласының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері жиналып, цифрлық білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.

Конференция аясында қазақстандық делегация ашылу рәсіміне, пленарлық отырысқа және цифрлық білім беру ортасын дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, білім сапасын арттыру және цифрлық экономикаға қажетті кадрларды даярлау бағытындағы панельдік сессияларға қатысты.

Сондай-ақ педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіру, білім беру үдерісін дараландыру, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім саласында жасанды интеллектіні этикалық тұрғыда қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысында Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллект пен білім беру саласына арналған Ханчжоу бастамасын қабылдау рәсіміне қатысты. Құжат білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын жауапты, инклюзивті және адамға бағытталған түрде қолдану қағидаттарын айқындайды.

Бұл сапар Қазақстан үшін цифрлық білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеуге және білім жүйесінде жасанды интеллектіні дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу