Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобаларды талқылады

835

Онлайн-отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.  

 Қазақстан мен Қытай инвестициялық жобаларды талқылады

Қазақстан мен Қытай түрлі салаларда жалпы сомасы 576 млн доллар болатын 7 бірлескен жобаны соңына дейін жеткізуге уағдаласты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичженің төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы өтті.

Олардың табысты жүзеге асуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасылды.

"Жүк тасымалы мен шекарадан өтуге байланысты мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жобаларды аяқтау үшін қажетті жабдықтарды уақтылы жеткізу бойынша нақты шаралар келісілді.

Тараптар түрлі салаларда жалпы сомасы 576 млн АҚШ доллары болатын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөніндегі жоспарларды растады. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін 647 жұмыс орнын құру көзделген.

Қатысушылар COVID-19 жаһандық пандемиясымен күрес аясында гуманитарлық көмек көрсеткені үшін өзара алғыстарын білдірді. Екі ел аумағында эпидемия деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілді", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу