Қазақстан мен Қытай құны 8 миллиард доллар болатын жобаны бекітті

710

 Қазақстан мен Қытай құны 8 миллиард доллар болатын жобаны бекітті

Бұған қоса, Қазақстан мен Қытай арасында құны 8 млрд ддолларды құрайтын бірлескен 20-ға жуық жоба іске асырылатын болды.

Бүгін Астанада екі елдің іскерлер тобының 4-ші кеңесінде осында келісімге қол қойылды. Оның 4,5 млрд доллар шамасындағы 6 жобасы тікелей "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясымен орындалмақ. Бұған дейін Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 28 млрд долларға 51 бағдарламаны жүзеге асыруға келісім жасаған. Атап айтар болсақ, бұл мұнай-газ,агро, химия өнеркәсіп, тоқыма, энергетика бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс. Мәселен, екі жылу электр стациясын салынады. Қуаттылығы 300 МВт болатын бірінші кешен Алматы облысына қарасты Шелек дәлізінде салынса, екіншісі Ерментау қаласында тұорғызылады. Оның да қуаттылығы 300 МВт құрамақ. Жобалар құны - 70 млрд-тан 300 млрд теңгедейін жетеді деп күтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу