Қазақстан мен Қытай өзара құқықтық көмек көрсетеді

811

Бұл азаматтық және қылмыстық істерге қатысты. 

Қазақстан мен Қытай өзара құқықтық көмек көрсетеді Фото: gov.kz

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Хаттама жобасы Қазақстан аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында, сондай-ақ екі тараптың да құзыретті мекемелерін өзгерту бөлігінде құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылайды. Сонымен, хаттамада мынадай орталық мекемелер айқындалған: Қазақстан тарапынан – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі; Қытай тарапынан – Әділет министрлігі, Жоғарғы Халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық Соты. Бұл өзгерістер азаматтардың өздерінің де, уәкілетті органдардың да өтініштерді құзыретті органнан уағдаласушы тараптардың Жоғарғы сотына дейін қайта жіберу жөніндегі уақытша шығындарын болдырмайды, бұл өз кезегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау мәселелерін анағұрлым тез шешуге ықпал ететін болады", - деді депутат Снежанна Имашева.

Оның сөзінше, заңның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу