Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүргізушілер де әлеуметтік желіде кезектің баяу жылжып жатқанын, кейбір көліктердің бірнеше тәулік бойы қаңтарылғанын баяндады.
Өткен айдың соңында Үрімшіде өткен ресми екіжақты кездесуде Қытай тарапы бұл өткел арқылы тәулігіне 800 жүк көлігін қабылдап, кейін біртіндеп 1000-ға дейін арттыруға дайын екенін мәлімдеген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті электронды кезек жүйесіндегі лимиттерді арттырған.
Енді ұзын-сонар кезек Қытайдың жүк қабылдау көлемін 700 көлікке дейін төмендетуден туындап отыр. Ал соңғы күндері бұл көрсеткіш 650 көліккке дейін қысқарған.